EATON

EATON

EATON – энергияны басқару саласындағы технологиялық көшбасшы.
Корпорация өз шешімдерін 175 астам елге жеткізеді және штатында 100 мыңнан астам қызметкері бар. Компанияның энергия үнемдеуіш шешімдері мен қызметтері тұтынушыларға электр, гидравликалық және механикалық энергияны сенімдірек, ұтымды, тиімді, қауіпсіз және экологиялық таза жолдармен басқаруға ықпал етеді. 

Eaton корпорациясы отын үнемдеу жүйелерінен бастап электр энергиясын басқару құралдарына дейін энергияны басқару өнімдерінің кең портфолиосына ие. Бұл Eaton корпорациясына тапсырыс берушілердің талаптарына сәйкес жасалған кешенді шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береді.

Comportal Қазақстан Республикасының аумағында ресми дистрибьютор болып табылады және - ҮҚК және компоненттер, шкафтар мен тіректер, желілік сүзгілер, KVM-ажыратқыштар, консольдық серверлер, тұрақтандырғыштар, батарея жинақтары, кабельдер, зарядтау станциялары сияқты Eaton өнімдерін ұсынады.